Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дәрі-дәрмектер қорын және медициналық бұйымдармен (ИВЛ, КТ аппараттар) қамтамасыз ету;

«Nur Otan» партиясы әрбір азаматқа Денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын болады.

Ол үшін партия төмендегі шараларды іске асырады:

 Дәрі-дәрмектер қорын және медициналық бұйымдармен (ИВЛ, КТ аппараттар) қамтамасыз ету;

 Қаланың барлық емдеу–сауықтыру мекемелерінің қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарының тұрақты қорымен қамтамасыз етуді қатаң бақылауда ұстау;

 Еліміздің медицина жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қаламыздың интерндері мен резиденттерін жұмысқа орналастыру;

 2021-2025 жылдары біліктілікті арттыру және жаңа әлемдік тәжірибе алмасу мақсатында 25 дәрігерді (акушер-гинеколог, неонатолог, балалар хирургі, травматолог, анестизиолог-реаниматолог, нейрохирург, онколог, жалпы тәжірибелік дәрігер)шет елдік (Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Ресей, Литва, Беларусь)алдыңғы қатарлы медициналық клиникаларына жолдау;

 Жыл сайын кемінде 1 100 адамды қамти отырып, балаларға арналған мамандандырылған емдік тағам мен дәрілік заттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

 800-ден астам (жасанды тыныс алу аппараты, функционалды травматологиялық кереует, эндоскопиялық хирургиялық видеокешен, цифрлық рентген, лор-комбайндар, наркозды тыныс алу аппараты, ультра-дыбыстық зерттеу аппараттары, СРАР назальды аппараты, гистероскопия, биполярлы гистерорезектоскопия жинағы бар видеокешен, отаға арналған үстелдер, жоғары жиілікті электрокоагуляторлар және т.б.)медициналық-техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету;

 2025 жылға дейін3 нысанныңқұрылысын аяқтау:

МЖӘ тетігі бойынша 500 төсектік көпбейінді

1 аурухана, «Береке» ш/а 1 дәрігерлік емхана, 2024 жылы:1 дәрігерлік емхана салу.

 2025 жылға дейін жедел жәрдемге қажетті 53 (30-УАЗ,

23-реанимобиль) автокөлікпен қамтамасыз ету.

#nurotan

#bizbirgemiz

#zhenimpazbol

0
0
180

Осы тақырып бойынша

Дәрі-дәрмектер қорын және медициналық бұйымдармен (ИВЛ, КТ аппараттар) қамтамасыз ету; - Yvision.kz