Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дүниежүзілік телевидение күнімен құттықтаймыз!

1998 жылы наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 қараша күнін Дүниежүзілік телевидение күні ретінде жарияланған болатын. Нақты осы күннің белгіленуіне 1996 жылы өткен бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форум себеп болды. Қазақстанда отандық телевидение 1958 жылы наурызда пайда болды.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 72 телеарна жұмыс істейді. Қазақ телевизиясының хабар тарату аумағы жылдан жылға өсіп келеді. Қоғамда бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік, мәдени даму тақырыптарына арналған телебағдарламалар саны артуда. Әсіресе, рухани құндылықтарымызды насихаттайтын бағдарламалар Қазақстан көлеміндегі шет қалған ауылдарды да қамтып отырады. Әрине, журналистік қызмет пен қоғамда болып жатқандарды қалың көпшілік алдына шығару қиынның қиыны. Дегенмен осы салаға төселіп, халық пен қоғамның арасында дәнеркер болып отырған телевидениенің айтарлықтай орны ерекше.

Осы биікті бағындарған сала мамандарын бүгінгі 21 қараша Дүниежүзілік телевидение күнімен құттықтаймын. Айтар жақсы жаңалықтарымыз бен халыққа көрсетер көрікті дүниелеріміз көп болсын.

0
0
140

Осы тақырып бойынша

Дүниежүзілік телевидение күнімен құттықтаймыз! - Yvision.kz