Дүниежүзілік сапа күні
Бүкіл әлемде сапа күнін жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде атап өткізеді. Бұл оқиға 1989 жылы БҰҰ қолдауымен Еуропалық сапа ұйымының (ЕСҰ) арқасында пайда болды. Дүниежүзілік сапа күнінің басты мақсаты – әлемдік нарықта ұсынылған қызметтер мен өндірілетін өнімдердің жоғары сапасының мәнінің өсуі болып табылады. Мерекенің негізгі мақсаттарының бірі – тауарлар мен қызметтердің сапа деңгейіне байланысты мәселелерге назар аударуға ықпал ететін қызметті күшейту және жылжыту. Тауарлар сәйкес келуі тиіс негізгі өлшемдер – бұл адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіздік, сондай-ақ тауарлар мәлімделген нормаларға, тұтынушылардың сұраулары мен күтулеріне жауап беруі тиіс.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасының артуы" атты 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау саласындағы мәселесіне назар аударып, Үкіметке қызметті ретке келтіруді тапсырды. Мемлекет басшысы мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ұлттың денсаулығы екенін атап өтті. Осылайша, келесі жылдан бастап тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі Комитет жұмысын бастау тиіс. Оның қызметі негізінен тамақ өнімдерінің, дәрілік заттардың, ауыз судың, балалар тауарларының, медициналық қызметтердің сараптамасын қамтитын болады.
Өндірілетін өнімнің сапасы кез келген елдің экономикасындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Сапа мәселелері - тікелей шығарылатын өнімнің мәселелері ғана емес, сонымен қатар экология, қауіпсіздік, өндірісте ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалану мәселелері болып табылады.
Біздің өмірімізде тұтынушылар да, өндірушілер де сапаны басқару принциптерін ұстануға тиіс. ҚР Президенті Жолдауының өмір сүру сапасын арттыру бағытын ұстана отырып, өз-өзіне, өз денсаулығына құрметпен қарау керек, бұл жерден сапалы өнім алу, жалпы қабылданған стандарттарға сәйкес келетін сапалы қызмет алу қажет.
Сапалы өмірдің рақатын алып өмір сүрейік!
Зулкарнаева Ботагоз
ҚР ИДМ ТРМК Ақмола облысы
бойынша департаментінің бас маманы –
Ақмола облысының мемлекеттік бақылау
жөніндегі мемлекеттік инспекторы
