Дүниежүзілік экономикалық фоpyмның Жаһандық бәcекеге қабілеттілік индекcі
Елбасының Қазақстанның әлемдік дамыған отыз елдің қатарына енуін қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме қойғаны білгілі. Кез келген мақсатқа жету үшін алдымен жоспар құрып, сол мақсатқа жетуді жан-жақты саралаған абзал. Осы орайда бірқатар сұрақтар туындайды, айқын мақсат қоймас бұрын анықтап алуды талап ететін ұғымдар мен жайттар бар. Мәселен,
- Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі деген не?
- Алдыңғы қатарлы отыз ел қандай көрсеткіштері бойынша көш бастауда?
- Қазіргі уақытта бұл тізім қандай елдерден тұрады?
- Бүгінде біз қай орындамыз?
- Біз бұл отыз елдің қатарына қалай кіре аламыз?
- Осы мақсатта қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр?
- Мақсатымыз бен оған жету жолында жасалып жатқан іс-шаралар бір-біріне сәйкес па?
Ал енді осы сұрақтарға ретімен жауап іздеп көрейік.
Жалпы, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы есебі болып табылады. Ең бірінші есеп 1979 жылы шығарылды. 2004 жылдан бастап жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің» негізінде елдерге рейтинг тағайындай бастады.
|
Аталуы |
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі ( The Global Competitiveness Index) |
|
Зерттеу тәсілі |
Аналитикалық-сараптамалық зерттеу; Индекс. |
|
Зерттеу бағыты |
Экономикалық процестерді бағамдау |
|
Зерттеу секторы |
Мемлекеттік басқару |
|
Зерттеу датасы |
2004 жыл – қазіргі уақыт |
|
Зерттеу жүргізілу жиілігі |
Жыл сайын |
|
Зерттеу жүргізетін орган |
Жаһандық экономикалық форум/ The World Economic Forum |
|
Зерттеу сайты | |
|
Соңғы жарияланған мәлімет | |
|
Редакция |
Соңғы жарияланған мәлімет 30.10.2016 жыл. |
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі ( The Global Competitiveness Index) – жаһандық зерттеу және барлық елдердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігі бойынша көрсеткіштерінің рейтингі. Жалпыға қол жетімді статистикалық мәліметтер, компания басшыларының жаһандық сауалнамасы нәтижесін ұштастыру арқылы Бүкіләлемдік экономикалық форум мен серіктес ұжымдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен талдау жасау ұйымдарымен есептеледі, жүзеге асады. Зерттеу 2004 жылдан бастап жүргізіледі және бүгінгі таңда әлемнің түрлі елдерінің бәсекеге қабілеттілігі көрсеткішінің ең толық жиынтығы болып табылады.
Жаһандық экономикалық форум ұлттың бәсекеге қабілеттілігін елдің және оның институттарының экономикалық дамуы және тұрақтылығы негізінде анықтайды. Зерттеу жүргізушілердің айтуынша, бәсекеге қабілеттілігі жоғары елдердің халқының да тұрмыс жағдайы жоғары деңгейде.
Дүниежүзілік экономикалық форумның өкілдері ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін көптеген және алуан түрлі факторлар бойынша анықтайтынын айтады. Мәселен, теріс көрсеткіш мемлекеттік қаржының дұрыс басқарылмауын, инфляцияның жоғары деңгейде екенін көрсетсе, сондай-ақ, халықтың саяси-әлеуметтік жағдайы, тұрмыс жағдайы төменгі деңгейде екенін көрсетсе, оң көрсеткіш зияткерлік меншіктің қорғалуын, сот жүйесінің жоғары деңгейде екенін, басқа да шаралардың дұрыс жолға қойылғандығын көрсетеді.
Институционалдық факторлармен қатар, білім беру, жұмыскерлердің біліктілігін әрдайым заманға сай көтеріп отыру, жаңа білім мен технологиялардың қол жетімді болуы да маңызды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар, әр түрлі елдердің экономикасы дамуының бастапқы шарттары мен қазіргі деңгейіне байланысты әлемнің экономикалық жүйесіне әртүрлі әсер етеді. Әлбетте, уақыт өте факторлар да өзгеріп отырады..
Зерттеу екі индекс негізінде жасалады, және осы индекстер негізінде рейтинг құрылады, олар: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (Global Competitiveness Index, GCI) және бизнес бәсекеге қабілеттілік индексі (Business Competitiveness Index, BCI).
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі жан-жақты экономикалық дамудың түрлі деңгейлерінде елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 113 айнымалы көрсеткіштер негізінде жасалады. Жиынтық нәтиженің үштен екісі компаниялар басшыларынан алынған сауалнама нәтижесі бойынша (елдегі бизнес ортаға әсер ететін жан-жақты факторларды анықтау мақсатымен) және үштен бірі жалпыға қолжетімді дерек көздері, статистика ( халықаралық зерттеушілер жасайтын статистикалық мәліметтер және деректер) негізінде жасалады. Ұлттық бәсекені анықтайтын барлық көрсеткіштер келесідей 12 топқа үлестірілген:
- Елдегі Институттардың сапасы;
- Елдің инфрақұрылымы;
- Ел макроэкономикасының тұрақтылығы;
- Денсалық сақтау және бастауыш бідім беру;
- Жоғарғы білім беру және кәсіби даярлау;
- Елдегі нарық тауарының тиімділігі және қызмет көрсету саласы;
- Еңбек нарығы және оның тиімділігі;
- Қаржы нарығы деңгейі;
- Технологиялық даму көрсеткіші;
- Елдің ішкі нарығы;
- Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі;
- Инновациялық тұрақтылығы.
Дәл осы айнымалыларды таңдау теориялық және эмпирикалық зерттеу негізінде туындаған, және елдің бәсекеге қабілеттілігін тек бір ғана фактор бойынша бағамдай алмамыз.
Мәселен, өткен жылдардағы көрсеткішетрге көз жүгіртетін болсақ, 2013-2014 жылдарда Швейцария елі 5,67 көрсеткішімен 1-орында болды. Сол сияқты 2014-2015 жылдарда 5,7 көрсеткішімен, 2015-2016 жылдарда 5,76 көрсеткішімен, 2016-2017 жылдарда 5,8 көрсеткішімен Швейцария көш бастауда. 2016 - 2017 бәсекелестік индексін анықтауда 138 елден 14 000 аса бизнес көшбасшыларынан сауалнама алынды. Сонымен қатар, елдердің әр түрлі салада қабілеттілігінің мықты және әлсіз тұстары егжей-тегжейлі көрсетілген, демек, осы көрсеткіш арқылы елдің мықты тұсын анықтап, саяси экономикалық дамудың бағытын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, қорытындылай келе, Бәсекеге қабілеттілік индексі оның азаматтарының әл-ауқатын жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолындағын елдердің мүмкіндігін, қабілетін бағалайды. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі, оның ең алдымен қолда бар ресурстарының қаншалықты тиімді, дұрыс пайдаланылып жатқанымен байланысты. Бұл жағдайда, еркін нарықта өмір сүру деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, өнімдердің / қызметтердің өнімділігі мен сапасын тұрақты жақсарту дұрыс жолға қойылуы тиіс.
Бүгін біз Бүкіләлемдік бәсекеге қабілеттілік индексі туралы жалпы мәліметтермен, ұғымдармен таныстық. Келесі посттарда жоғарыда қойылған, осы постта жауабын таппаған сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.
