Дәл осы жылдың қараша айында әлем алғаш рет Энергия үнемдеу күнін атап өтті.
"Ресурстар мен энергияны пайдалану бойынша мектеп жобасы" (SPARE) атты халықаралық экологиялық желінің бастамасымен қараша айының он бірінші жұлдызы Энергия үнемдеу күні болып белгіленген. Атаулы күнді белгілеу туралы шешім 2008 жылдың сәуір айында Қазақстанда өткен SPARE координаторларының басқосуында қабылданды.
Дәл осы жылдың қараша айында әлем алғаш рет Энергия үнемдеу күнін атап өтті. Жиырмадан астам ел бірауыздан қолдағандықтан халықаралық мереке мәртебесіне еш қиындықсыз ие болды.
Күннің басты мақсаты – билік органдары мен қоғамды энергия көздері мен ресурстарды рационалды қолдануға шақыру. Энергия үнемдеу мәселесі бір қарағанда оңай болып көрінгенімен, өте терең жатқан мәселе саналады. Энергияны үнемдеу қоршаған ортаның ластануын төмендете алады және экономика жағына да аса тиімді.
Бұл күні бірнеше елде әртүрлі тақырыптағы акциялар, конференциялар, көрмелер, оқу орындарында сабақтар өткізіледі. Іс-шаралар барысында энергия үнемдеу жолдары таныстырылып, энергия көзін дұрыс пайдалануға арналған үндеулер айтылады.
