Дөңгелек үстелге әдеп жөніндегі уәкіл қатысты
29.09.2020 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған онлайн форматта дөңгелек үстелге әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова қатысты, оған жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдері, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлжахан Нұрасылқызы Үсенова қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау бөлігінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы іске асыру, сондай-ақ құқық қолдану практикасын қорыту және осы қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу мәселелерін талқылады.
Ағымдағы жыл толқулы және қиын: коронавирустық инфекцияның пандемиясы әр адамның өмірінің барлық салаларына әсер етті. Осы кезеңде әлеуметтік қолдау және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін қосымша жағдайлар жасау бұрынғыдан да маңызды. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде белгіленген, онда "мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды" деп белгіленген. Әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметші болу-зор мәртебе, сондықтан кәсібиліктен басқа жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болу маңызды. Әсіресе қазір, жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ бостандығы жағдайында. Мемлекеттік қызметші дәрежесіне үміткер адамдар халық алдындағы жауапкершілік шарасын нақты ұғынуы үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мінез-құлқы және олардың өз міндеттеріне қатысты адалдық дәрежесі тұтас алғанда қоғам жай-күйінің, оның сыбайлас жемқорлық деңгейінің, инвестициялық ахуалға байланысты жағдайдың және т.б. маңызды индикаторларының бірі болып табылады. Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейді.
Мемлекеттік қызметшінің кәсіпқой болуы жеткіліксіз. Оның көптеген әлеуметтік топтар үшін тартымды, моральдық тұрғыдан қолайлы имиджге ие болуы қажет. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің имиджі, ең алдымен, билік органдарында жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың сипаттамасы болып табылады, олардың бейнесі тікелей және жанама қалыптастыру факторларының әсерінен дамиды.
Билік құрылымдарының имиджін жақсы жаққа өзгерту осы құрылымдарға деген көзқарасты өзгертеді, демек, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырады. Әрине, бұл өзгерістер қоғамның тек мемлекеттік органдарға ғана емес, тұтастай мемлекетке деген сенімінің пайда болуына алып келеді. Ал өз мемлекетіне сенімді және оған сенетін азаматтар өз елінің байлығын арттыра отырып, қазір ғана емес, болашақта да өмір сүреді.
-----------------------------------------------------------------
29.09.2020 года уполномоченный по этике Айтуарова А.Р. приняла участие в круглом столе в онлайн формате, организованном Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Костанайской области с участием уполномоченных по этике местных исполнительных органов и территориальных подразделений центральных государственных органов, а также участие приняла уполномоченный по этике Министерства труда и социальной защиты населения РК Усенова Гульжахан Нурасыловна.
Участники круглого стола обсудили вопросы реализации законодательства в сфере государственной службы в части обеспечения социальной защиты государственных служащих и соблюдения ограничений, связанных с пребыванием на государственной службе, а также обобщение правоприменительной практики и выработка рекомендаций по совершенствованию деятельности государственных органов по даннымнаправлениям деятельности.
Текущий год волнительный и сложный: пандемия коронавирусной инфекции повлияла на все сферы жизни каждого человека. В этот период как никогда важна социальная поддержка и создание дополнительных условий для сохранения стабильности в обществе. Формирование и укрепление позитивного имиджа государственного служащего Республики Казахстан является одним из приоритетных направлений в развитии государственной системы. Основные положения, предъявляемые к позитивному имиджу государственного служащего, определены в Этическом кодексе государственных служащих Республики Казахстан, в котором отмечается, что «несение государственной службы является выражением особого доверия со стороны общества и государства и предъявляет высокие требования к морально-этическому облику государственных служащих». Этический кодекс направлен на укрепление доверия общества к государственным органам, формирование высокой культуры взаимоотношений на государственной службе и предупреждение случаев неэтичного поведения государственных служащих.
Быть государственным служащим – это огромная честь, и потому помимо профессионализма важно обладать высокими нравственными качествами. Особенно сейчас, в условиях новых информационных технологий и свободы СМИ. Необходимо поднимать престиж государственной службы, чтобы люди, претендующие на ранг государственных служащих четко осознавали меру ответственности перед народом. Этическое поведение государственных служащих и степень их добросовестности по отношению к своим обязанностям является одним из важных индикаторов состояния общества в целом, уровня его коррумпированности, ситуации с инвестиционным климатом и т.д. Исходя из вышеизложенного, формирование имиджа государственного служащего предусматривает идеологические, политические и культурные аспекты. Государственному служащему мало быть профессионалом. Необходимо, чтобы он обладал еще и привлекательным, нравственно приемлемым для большинства социальных групп имиджем. Потому имидж государственных служащих – это прежде всего характеристика должностных лиц, работающих в органах власти, образ которых складывается под воздействием прямых и косвенных формирующих факторов.
Изменение имиджа властных структур в лучшую сторону, изменит и отношение к этим структурам, следовательно, повысит и эффективность работы органов государственной власти. Конечно, эти изменения приведут к появлению доверия общества не только к государственным органам, но и к государству в целом. А граждане, которые уверены в своем государстве и доверяют ему, живут не только настоящим, но и будущим, преумножая богатство своей страны.
