Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Cыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау– бірлік және тұрақтылықтың кепілі

2017 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласының әкімдігінде этникалық театрлардың, қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңестерінің, этникалық бұқаралық ақпарат құралдарының, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында  бейнеконференц-байланыс арқылы дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара мақсаты  Елбасы Жолдауында көрініс тапқан міндеттер жағдайында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А. Шпекбаев, ҚР ПА Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Д. Мыңбай, ҚХА депутат тобының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша Комитетінің мүшесі С. Абдрахманов, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қатысты.

Алматы қаласынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы гуманизм және  азаматтылықтың идеясы» тақырыбында Республикалық неміс драмалық театрының әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі А. Диденко театр мәдениетін ерекше бірегей өнер нысаны, көрермендермен тікелей коммуникация "осында және қазір" мәні болып табылады, бір мезгілде адам бойындағы барлық сезім мен рухани жағында терең қозғап, аудиторияға кеңінен әсерлі мүмкіндіктері ие екендігін аттай келе, осыған байланысты, мәдениет мекемелерінің әлеуетін тарту арқылы сыбайлас жемқорлықты қабылдамау атмосферасын қалыптастыру өте қолайлы болып табыладығы жайлы баяндады.

Дөңгелек үстел қортындысы бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі іске асыруға ұсыныстар енгізілді.

 
0
0
598

Осы тақырып бойынша

Cыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау– бірлік және тұрақтылықтың кепілі - Yvision.kz