Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған акция
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылдың 24 шілдеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған акция ұйымдастырылды.
Акция аясында жастар волонтерлері арқылы, қоғамдық орындар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға арналған жадынамалар таратылды.
Аталған акцияның басты мақсаты – қоғамды адалдық жолына шақыру, патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
