COVID-19-бен күресуге тартылған 776 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе...
COVID-19-бен күресуге тартылған 776 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.
Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Алматы (79), Ақмола (79) облыстарынан, Алматы (74) және Нұр-Сұлтан (69) қалаларынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан (67) жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем: – коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн. теңге; – COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн. теңге көлемінде төленеді.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/bolee-770-medrabotnikov-poluchili-vyplaty-iz-gfss-v-svyazi-s-zarazheniem-covid-19-i-pnevmoniey?lang=kk
-------------------------------------------------------------
776 медицинских работников, задействованных в борьбе с COVID-19, получили единовременные социальные выплаты из Государственного фонда социального страхования на случай заражения коронавирусной инфекцией или вирусной пневмонией. Также ГФСС перечислил выплаты родственникам 3 медработников, которые скончались в результате заболевания.
В разрезе регионов наибольшее количество выплат на случай заражения COVID-19 или вирусной пневмонией произведено медработникам из Алматинской (79), Акмолинской (79) областей, г. Алматы (74) и г. Нур-Султан (69), а также Западно-Казахстанской области (67).
Напомним, в соответствии с изменениями, внесенными 22 июля т.г. в совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения РК и Министра здравоохранения РК от 9 апреля т.г. «Об утверждении Правил осуществления единовременной социальной выплаты работникам организаций здравоохранения, задействованным в противоэпидемических мероприятиях по борьбе с коронавирусной инфекцией COVID-19, в случае их заражения или смерти от указанной инфекции», вышеуказанная выплата полагается: - медицинским работникам в случае заражения коронавирусной инфекцией или вирусной пневмонией – 2 млн тенге; - семьям этих лиц в случае их смерти от заражения коронавирусной инфекцией COVID-19, заболевания вирусной пневмонией – 10 млн тенге.
Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/bolee-770-medrabotnikov-poluchili-vyplaty-iz-gfss-v-svyazi-s-zarazheniem-covid-19-i-pnevmoniey?lang=ru
