ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Цифрландыру жұмысы таныстырылды

2019 жылғы 20 желтоқсан күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Н.А.Шабдар, облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеев және департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев Smart Uralsk ғимаратында орналасқан инновациялық алаңында облысымызда мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, жер қатынастары саласында Облысты цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралармен танысты.

Оның ішінде күніне 200 адамға қызмет көрсететін Қолжетімді әкімдік фронт офисі тұрғындарға әкімдік көрсететін қызметтерді тікелей қатынассыз, бір көзден алуына мүмкіндік береді.

Былтырғы жылдың аяғынан бері цифрландыру аясында жер учаскесін таңдау актісіне электрондық келісім беру үрдісі автоматтандырылды. Бұрын қызмет нәтижесін алуға 2-3 ай жұмсалатын болса, қазір бір уақытта құжаттар тиісті органдарға бір мезгілде жолданатындықтан, қызмет 5-10 күнде көрсетіледі. Жобамен 19 мекеме мен ұйым қамтылған, бұл мекемелерде қағазбастылықтан бас тартып, қызмет алушы мен қызмет беруші арасындағы тікелей қатынасқа жол берілмей, бизнеске қолайлы жағдай туғызып отыр.

Облыстық жер қатынастары басқармасы басшысы А.Б.Мұхамеджанова жер қатынастары саласында қолға алынып жатқан жаңашыл идеялар да таныстырды.

Геоақпараттық порталы аудандардың ауыл шаруашылық өндірісінің мониторингін жүргізуге, жер учаскелерінің мақсатсыз жұмсалуын анықтауға, лицензия алынған учаскелердің шекараны бұзуын анықтауға, автомобиль жолдары мен жол инфрақұрылымын паспортын жасақтауға және салық органдары тарапынан мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

zko.smartgeohub.kz Жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталында ауыл шаруашылығы өндірісі конкустары өткізіледі және бұл порталда картада шаруа қожалықтарын жүргізу үшін берілген жер учаскелері, кең таралған пайдалы қазбалар бос кен орындары туралы мәлімет, сонымен қатар облыс аумағындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары сипаттамалар орналастырылған.

Аталған портал тұрғындарға жер қатынастары саласындағы қажетті ақпаратты үйінен шықпай алуына мол мүмкіндік береді.

Инновациялық алаңында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмысымен да таныстырылды.

Бұл жерде агроқызметтер алу бұрышы, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, инвестордың демалу бөлмесі мен жұмыс кабинеті, облыс әкімі бөлмесі, «экспортер терезесі» де жасақталған.

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы кәсіпкерлердің жобаларын бастапқы қадамынан бастап, оны іске асырғанға дейін сүйемелдеп, «бір терезе» қағидатымен қызметтер алуына толықтай мүмкіндік жасалған.