Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиялының ұйымдаструымен ардагерлер туралы Заңды және проблемалық мәселелерді талқылау үшін фракция депутаттары мен Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

"Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының ардагерлер туралы» Заңына қол қойды"деген жаңалықтан ел ардагерлері хабардар екен. Олар Жазылған газет-журналдары қолдарына уақтылы тимейтіні, мемлекеттен берілетін жәрдемақының аздығы, тегін берілетін дәрі-дәрмектің кешігіп келетініне наразылықтарын жеткізді. Ардагерлердің базынасына аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Ханай Әшірбеков заң аясында жауап берді. Сонымен қатар ол "Бұл заң біріншіден елімізге және біздің ардагерлеріміз үшін өте маңызды. Осы Заң ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындайды.

Екіншіден, заң ардагер мәртебесін иеленетіндердің қатарын айтарлықтай кеңейтіп отыр. Сонымен қатар, заңда бұл мәртебе иеленетіндер нақты сипатталып, әр категорияға жеке-жеке анықтама берілген.

Үшіншіден, жаңа заң ардагерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік кепілдемелерді де айқындап берді. Олардың қатарында түрлі әлеуметтік жәрдемақылардан бөлек, салық салу, медициналық қызмет көрсету, жоғары білім алуға қатысты көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Ол жеңілдіктер ардагерлердің отбасы мүшелеріне де таралады" деді.

Қатысушылар Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастырып жатқанының айқын айғағы екеінін айтып өтті.

3
0
142

Осы тақырып бойынша

Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел - Yvision.kz