Чернобыль АЭС апатын 35 жылдығын орай
19.04.2021ж.
Чернобыль АЭС апатын 35 жылдығын орай аунданымыздағы Чернобыль АЭС апатын ауыздықтаған ардагерлер марапатталды. Марапаттау шарасына «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, облыстық мәслихаттың депутаты Ерік Абитов, Алматы облысы бойынша Чернобыль ардагарлері мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ержан Омаров және өзге ардагерлер қатысты.Шара соңында Алжомарт Қасымбеков, Берік Байсабаев бастаған Чернобыль АЭС апатын залалсыздандыруға қатысқан сегіз ардагерге арнайы төсбелгі мен алғысхат табысталды.
