Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Чемпионмен жаттығу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін «Бастауыш - партия негізі» айлығының аясында Ұялы ауылында «Чемпионмен жаттығу» атты таңғы көпшілік жаттығу жасау шарасы өткізілді. Таңғы жаттығуды қазақша күрестен аудандық, облыстық турнирдің бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт шеберіне үміткер Ш.Жексенбаев атындағы мектеп-бөбекжай кешенінің АӘД пәнінің мұғалімі Қауыс Жаңарбек Жасұланұлы жүргізді.Таңғы ауыл тұрғындары, зейнеткерлер, отбасылар қатысты. #бастауышпартиянегізі #чемпионменжаттығу

0
0
223

Осы тақырып бойынша