Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Cеминар-кеңес

«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің жұмыс қорытындысы бойынша семинар-кеңес

2019 жылы 14 қаңтарда медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің базасында медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің жұмыс қорытындысы бойынша семинар-кеңес өтті. Басшының орынбасары 2018 жылға «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша МӘС қызметінің қорытындылары туралы айтты.

Облыста мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыру барысы, атап айтқанда, мүгедектерді оңалту құралдарымен қамтамасыз ету туралы медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің бас маманы сөз сөйледі.

Кеңес барысында 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша МӘС бөлімдерінің қызметін дамыту перспективасы талқыланды және белгіленді.

0
0
280

Осы тақырып бойынша