Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Cайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» орындалуы қаралды

Бүгін аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанованың төрайымдылығымен жиын өтті. Жиынның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Шыңғырлау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» орындалуы қаралды. Алдымен «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Таганиязов I-жартыжылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар және жыл соңына дейін орындалмау қауіпі бар жобалар туралы баяндады. Кейін аудан әкімі жоспардың әр тармағына тоқталып, тиісті мекеме, дербес бөлім басшыларына тапсырмалар берді.

0
0
241

Осы тақырып бойынша

Cайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» орындалуы қаралды - Yvision.kz