Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Cайлау алды штабының отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық сайлауалды штабының отырысы болып өтті. Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар кіріп, отырысқа қатысты.

Штабтың отырысын Мұнайлы аудандық сайлау алды штабының басшысы Оңдабаев Қалнияз Оңдабайұлы жүргізіп отырды.

Сөз барысында штаб басшысы желілік кестеде бекітілген іс-шаралардың 2 толқыны басталғандығы туралы сөз қозғалып, шаралардың ауқымдылығын айтып, барлық шаралар эпидемиолгоиялық жағдайда қауіпсіздік ережелердің сақталуымен өту керектігін басты назарға алуды тапсырды. Үгіт-насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы- "Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!" негізінде жасақталған. Бұл партияның алдағы 5 жылға арналған нақтыланған жұмыс жоспары. Осымен қатар штаб басшысы бағдарламаның міндеттері мұнайлылықтардың негізігі сұраныстарын қамтып, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жауап беретінін айтып өтіп, үгіт насихат жұмыстарының белсенділігін одан әрі күшейту қажеттігін тілге тиек етті.

0
0
127

Осы тақырып бойынша

Cайлау алды штабының отырысы өтті. - Yvision.kz