Cаяси кеңестің бюросы өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың төрағалық етуімен аудандық саяси кеңестің бюросы өтті. Күн тәртібінде "Nur Otan" партиясының Шыңғырлау ауданы бойынша «Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасын» бекіту мәселесі қаралды. Бюро отырысына бюро мүшелері, аудандық жас мәслихат депутаттары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселеге ішінара өзгерістер енгізіліп, бекітілді.
