CASPIAN FOOD мекемесінде кездесу
Өңір экономикасының жетекші саласы мұнай-газ секторының төңірегінде қалыптасқан сервистік қызмет көрсететін мекемелерді де үгіт-насихат шараларынан тыс қалдырмадық. Қала халқының едәуір бөлігі осы салада қызмет ететінін ескерсек, олар да партия қызметін насихаттау жұмыстарынан шет қалмауы тиіс. Осы орайда, бүгін "Nur Otan" Партиясының даму бағдарламасын түсіндіру мақсатында вахталық кенттерге тұрмыстық қызмет көрсететін CASPIAN FOOD мекемесіне бардық. Азаматтарды бағдарлама жай-жапсарымен таныстырып, атқарылған жұмыстарды атап өттік. Өздерінің пікірлерін тыңдап, аманаттарын қабыл алдық. Қай-қайсысы да көпшілікке ортақ мәселелерді көтеріп жатты. Негізгілері тұрмыс үшін жайлы қала қалыптастыру мен жаңа жұмыс орындарын ашу. Бір қуантарлығы бұл сұрақтардың екеуі де қаланың даму бағдарламасында қамтылған
1. Экономикалық тұрақты қала.
2. Жайлы қала.
3. Әлеуметтік бағытталған қала.
4. Жастар үшін қала.
5. Тарих пен мәдениетті дамыту.
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
7. Қауіпсіз қала деп аталатын 7 бағытпен толық үндеседі.
"Nur Otan" - қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетейік!
Nur Otan Aktau
Гани Абдисадыков


