Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалана алатындығы туралы ...

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалана алатындығы туралы семинарда БЖЗҚ Қостанай филиалының маманы айтып берді

21.01.2021 жылы әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова БЖЗҚ АҚ маманы Сәуле Сағандыққызы Исмаилованы шақырумен департамент қызметкерлері үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін түсіндіру бойынша онлайн семинар ұйымдастырды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын алады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге пайдалану құқығын:

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады. Нысаналы пайдалану құқығы белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар азаматтар үшін көзделетін болады. Жеткіліктілік шегі әр жас үшін жеке анықталады.

- қалыптасқан зейнеткерлер (әлеуетті құрылымдар қатарындағы зейнеткерлерді қоса алғанда) – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50% - ынан аспайтын шекте қолдана алады. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда аталмыш құқықты пайдалануға болады.

- өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар жоғарыда аталған құқыққа ие.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін азаматтар, ең алдымен, өз жинақтарын тексеріп, жеткіліктілік шегінен асатын қажетті соманың бар екеніне көз жеткізуі тиіс.

БЖЗҚ-да үзінді-көшірмені Қордың сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы алудың қолжетімді және жедел тәсілдері қамтамасыз етілген. Үзінді көшірмені БЖЗҚ кеңселеріне келмей-ақ, 24/7 режимінде қашықтықтан алуға болады.

Зейнетақы жинақтарын алу туралы шешім қабылдаған адамдар тұрғын үй сатып алу және емделу мәселелері бойынша уәкілетті операторға жүгіне алады, оны Үкімет айқындайды. Мұндай оператор ретінде «Отбасы банк» қызмет атқаратын болады» деген болжамдар жасалуда. Мұндай оператор Отбасы банкі және "Қазақстан Халық банкі" АҚ болып табылады.

Салымшының құжаттарын тексергеннен кейін уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға салымшының өзі айқындаған және оның өтінімінде көрсетілген мөлшердегі зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама жібереді.

Салымшы зейнетақы жинақтарын мақсатты қажеттіліктерге алған кезде жеке табыс салығын төлеу тәсілін таңдау құқығына ие болады (жарналар аударылған кезде ЖТС алынбағанын ескертеміз). Яғни азаматтар ЖТС төлеуді кейінге қалдыруды таңдаса болады не тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеуге арналған жинақтарын алған кезінде ЖТС-ты толық көлемде өтей алады.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын уәкілетті операторға аударуды оның өтінімі бойынша электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыратын болады. Уәкілетті оператор аударылған зейнетақы жинақтарын азаматтардың арнайы шоттарына есептейді.

Зейнетақы жинақтары арнайы шоттарда 45 жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жата алады. Осы мерзім ішінде жинақтар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға не салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс.

Сондай-ақ, азаматтар түрлі инвестициялық стратегиялар ұсынатын инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) арасында өз қалауымен таңдау жасау арқылы жинақтарын басқаруға қатыса алады. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға нысан бойынша және талап етілетін құжаттарды қоса тіркей отырып, өтініш бере алады. БЖЗҚ-ға өтінішті жеке өзі немесе enpf.kz интернет-ресурс арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып беруге болады.

БЖЗҚ қаржы нарығының реттелетін қатысушысы ретінде компаниялармен сенімгерлік басқару шарттарын, кастодиан-банктермен кастодиандық шарттар, сондай-ақ тұрғын үй және емделу жөніндегі уәкілетті оператормен келісім жасайтын болады. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бірыңғай есебі мен бақылауы одан әрі жүргізіле береді (бұл ақпарат БЖЗҚ ресми сайтынан алынды).

***

О том, как вкладчики ЕНПФ смогут использовать часть своих пенсионных накопленийрассказала на семинаре специалист Костанайского филиала ЕНПФ

21.01.2021 года уполномоченный по этике Айтуарова А.Р. организовала для сотрудников Департамента онлайн семинар с приглашением специалиста АО ЕНПФ Исмаиловой Сауле Сагандыковны по разъяснению возможности использования части пенсионных накоплений.

Согласно закону «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам восстановления экономического роста» граждане получают право использования части пенсионных накоплений для улучшения жилищных условий, лечения, не входящего в гарантированный объём бесплатной медицинской помощи и обязательного социального медицинского страхования, а также для передачи в инвестиционное управление частным управляющим компаниям.

Правом использования части своих пенсионных накоплений на целевые нужды смогут воспользоваться:

- работающие граждане, имеющие пенсионные накопления, сформированные за счёт обязательных пенсионных взносов (ОПВ) и обязательных профессиональных пенсионных взносов (ОППВ). Право на целевое использование будет предусмотрено для граждан, имеющих накопления, превышающие определенный порог достаточности. Последнее будет определяется для каждого возраста отдельно.

- состоявшиеся пенсионеры (включая пенсионеров из числа силовых структур) – в пределах не более 50% оставшейся суммы пенсионных накоплений в ЕНПФ. При условии, что совокупный размер их пенсии (включая пенсию по возрасту или выслуге лет, базовую пенсию) обеспечивает замещение утраченного дохода на уровне, соответствующем международным стандартам (не менее 40%).

- лица, заключившие договоры пенсионного аннуитета со страховыми компаниями, обеспечивающие им пожизненные аннуитетные выплаты.

Для реализации права на использование части пенсионных накоплений граждане, прежде всего, должны проверить свои накопления и убедиться, что необходимая сумма, превышающая порог достаточности, имеется.

В ЕНПФ обеспечены доступные и оперативные способы получения выписки через сайт фонда или мобильное приложение. Получить выписку можно дистанционно, в режиме 24/7, не посещая офисы ЕНПФ. Те, кто принял решение об изъятии части пенсионных накоплений, смогут обратиться к уполномоченному оператору по вопросам приобретения жилья и лечения, который будет определен Правительством. Таким оператором является Отбасы банк и АО «Наро́дный банк Казахста́на» .

После рассмотрения документов вкладчика уполномоченный оператор направит уведомление в ЕНПФ для перевода пенсионных накоплений в размере, определенном самим вкладчиком и указанном в его заявке.

Вкладчик получит право выбора способа уплаты индивидуального подоходного налога (ИПН) при выплате пенсионных накоплений (напомним, при перечислении взносов ИПН не взымался). Граждане могут выбрать отсрочку уплаты ИПН либо оплатить его в полном объеме при выплате накоплений для улучшения жилищных условий и (или) оплаты лечения.

После получения уведомления от уполномоченного оператора ЕНПФ осуществит перевод пенсионных накоплений в течение 5 рабочих дней уполномоченному оператору. Уполномоченный оператор в течение 1 рабочего дня зачислит накопления на специальные счета.

Пенсионные накопления могут находится на специальных счетах не более 45 рабочих дней. В течение этого срока накопления должны быть использованы по целевому назначению либо возвращены в ЕНПФ на пенсионный счет вкладчика.

Граждане также смогут принять участие в управлении своими накоплениями посредством самостоятельного выбора управляющих инвестиционным портфелем (УИП), предлагающих разные инвестиционные стратегии. Для перевода части пенсионных накоплений, превышающих порог достаточности, вкладчик сможет подать заявление в ЕНПФ по форме и с приложением требуемых документов. Подать заявление в ЕНПФ можно будет путем личного обращения или через интернет-ресурс enpf.kz с использованием электронной цифровой подписи.

ЕНПФ, как регулируемый участник финансового рынка, будет заключать договоры доверительного управления с компаниями, кастодиальные договоры с банками-кастодианами, а также соглашение с уполномоченным оператором по жилью и лечению. Таким образом, единый учет и контроль пенсионных накоплений сохранится. (Данная информация получена с официального сайта ЕНПФ)

0
0
287

Осы тақырып бойынша