Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БЖТ-ны SMS арқылы төлеуге болатын болды

БЖТ-ны SMS арқылы төлеуге болатын болды

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қолжетімді және оңай болды. KCell мен Beeline ұялы операторларының пайдаланушылары БЖТ-ны SMS арқылы төлей алады.

Төлем жасау үшін 5505 нөміріне «gorodesp ЖСН» (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін) және «seloesp ЖСН» (басқа елді мекендердің тұрғындары үшін) мәтіні бар SMS жолдау қажет. Мысалы: gorodesp 1234567890

Төлем кезеңі ағымдағы ай болады. Комиссия 100 теңгені құрайды. Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ облыс орталықтары үшін төлем мөлшері 1 АЕК құрайды, 2019 жылы ол 2 525 теңге. Барлық басқа елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ мөлшері 0,5 АЕК немесе 1 262,5 теңгені құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлем табыс алу мақсатында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған. Олар мынадай шарттарды сақтауға тиіс: 1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбау; 2) жеке тұлғалар үшін қызмет көрсету. Бұл ретте күнтізбелік жылдағы шекті табыс жылына 1 175 АЕК (2019 жылы - 2 миллион 966 мың 875 теңге) аспауы тиіс. БЖТ мынадай азаматтарға қолданылмайды: 1) сауда-ойын-сауық орталықтарының аумағында қызметтер көрсететін; 2) жеке практикамен айналысатын; 3) тұрғын үйді қоспағанда, үй-жайларды жалға беретін; 4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын; 5) жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелген. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аударуға болады. Оплата ЕСП стала доступна через SMS Оплата Единого совокупного платежа стала доступнее и проще. Пользователи мобильных операторов KCell и Beeline смогут оплачивать ЕСП через SMS. Для оплаты необходимо отправить SMS на номер 5505 с текстом «gorodesp ИИН» (для жителей городов республиканского значения, столицы и областного значения) и «seloesp ИИН» (для жителей других населенных пунктов). Например: gorodesp 1234567890 Периодом платежа будет текущий месяц. Комиссия составляет 100 тенге. Размер платежа для жителей Астаны, Алматы, Шымкента, а также областных центров составляет 1 МРП, в 2019 году это 2 525 тенге. Для жителей всех других населенных пунктов размер ЕСП составляет 0,5 МРП, или 1 262,5 тенге. Единый совокупный платеж предназначен для физических лиц, которые осуществляют деятельность в целях получения дохода, при соблюдении следующих условий: 1) не используют труд наемных работников; 2) оказывает услуги для физических лиц. При этом предельный доход за календарный год не должен превышать 1 175 МРП в год (в 2019 году - 2 миллиона 966 тысяч 875 тенге). ЕСП не распространятся на граждан, которые: 1) оказывают услуги на территории торгово-развлекательных центров; 2) занимаются частной практикой; 3) предоставляют помещения в аренду, за исключением жилища; 4) являются иностранцами и лицами без гражданства, за исключением оралманов; 5) имеют регистрацию индивидуального предпринимателя (ИП). Уплата Единого совокупного платежа также доступна наличным или безналичным расчетом через банки и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, на банковский счет Государственной корпорации «Правительство для граждан».

0
0
271

Осы тақырып бойынша

БЖТ-ны SMS арқылы төлеуге болатын болды - Yvision.kz