Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БЖК-2020 бағдарламасы аясында Ақтау сүт зауыты өз өнімінің түрлерін 40-қа жеткізді

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында «Ақ нек» сүт өнімдері зауыты сұйық және қою өнімдерді құятын автоматты құрылғыларды сатып алды, жаңа техника өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкінік берді, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ нек» зауыты Маңғыстау облысының аумағында 1997 жылдан бастап табысты жұмыс істеп келеді. Осыдан екі жұл бұрын ол 15 түрлі өнім өндірсе, 2015 жылы ол 40-қа жетті. Ағымдағы жылы олар жаңа өндіріс - «Таң» сусынын өндіруді іске қосты.

«Өткен жылы біз «Даму» қорының қолдауымен сұйық және қою өнімдерді құятын автоматты құрылғыларды сатып алдық. Бұған дейін айран мен қаймақты адамдар қолмен құятын, енді ол техникамен жасалады, бұл бактерия қаупін төмендетіп отыр және өнім өндірісін арттыруға мүмкіндік беруде», – деді «Ақ нек» сүт зауытының директоры Асхатжан Ибрай.

Зауыт өнімін сақтау мерзімі 10 күн, алайда оны консерванттар қосу арқылы ұзартуға болады. Әйтседе бұл сапаны төмендетеді. Сондықтан зауыт өзінің тұрақты тұтынушыларынан айырылғысы келмейді, керісінше Батыс Қазақстан мен Ресейдің нарығына шығуды жоспарлап отыр.

«Біз мақтанышпен өніміміз  туралы айта аламыз. Сұраныстың көптігі, кейде үлгермей жататын кездер болады», – деді А. Ибрай.

Зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 15 тонна сүт өнімін өндіруге жетеді. Өндіріліп отырған өнім сертификатталған және тек Маңғыстау облысының аумағында таратылады.

«Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағдарламасы (БЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағыты)

«Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағдарламасы  - жаңа заемдар бойынша және қолданыстағы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (Бағдарламаның бірінші бағыты):

Кредиттер/лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендегі шарттарда субсидиялау:

экономиканың басым секторларында;

салалық шектеулерсіз – моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік қарамағындағы елді мекендерде;

кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру (70%-ға дейін);

гранттық қаржыландыру;

өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту.

Қаржыландыру мақсаттары:

Жаңа инвестициялық Жобаларды, сондай-ақ экономиканың басым секторларындағы өндірісті жетілдіруге және кеңейтуге бағытталған Жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа кредиттер бойынша субсидиялау.

салалық шектеулерсіз:

- негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жетілдіруге;

- өндірісті кеңейтуге және/немесе айналымдағы  қаражатты толықтыруға.

Қаржыландыру мерзімі:

3 жылға дейін, одан кейін мерзімін 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен.

Ақпарат көзі

 

0
0
675

Осы тақырып бойынша

БЖК-2020 бағдарламасы аясында Ақтау сүт зауыты өз өнімінің түрлерін 40-қа жеткізді - Yvision.kz