Бурабай ауылдық клубында кездесу өтті.
2020 жылы 29 желтоқсан күні Бурабай ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаты Б.Нурумова мен аудандық мәслихат депутатығына үміткер А.Кенжеханов кездесу өткізді. Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама таныстырылды.
2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында ағымдағы жылғы атқарылған жұмыстарына талдау жасалып, басты бағыты тұрақты экономикалық даму мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатын «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама түсіндірілді.
А.Кенжеханов негізі кәсібі мал шаруашылығы болып табылатын Абай ауылдық округіндегі мал басы санын арттыру, таза ауыз сумен қамту, сапалы жол жөндеу жұмыстарына тоқталып, межеленген істердің уақытында жүзеге асатынына сенім білдірді.
Ауылдық округтегі ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Болғаев атқарылып жатқан оң шаралардың қатарында Бурабай орта мектебі ғимаратының төбесі шатырланып жөнделуі де бар екенін атап, ендігі кезекте Бурабай ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен қамту, Күршім-Бурабай жолын толық асфальттау, бұрынғы бос тұрған балабақша ғимаратын жөндеуден өткізіп спорттық шаралар өтетін немесе туристік қызмет көрсету орнына айналдырса деген ұсыныстарын айтты. Жалпы сайлау науқанына ауылдық округ ардагерлерінің белсенді қатысатынына сенімді.
«Nur Otan» партиясының мүшесі Бурабай орта мектебінің директоры С.Дабынов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Кенжехановқа болашақта ел сенімін ақтау аясында ісіне табыс тіледі.
