Булаев қаласында мемлекеттік қызметшілерді көшпелі оқыту өтті

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін артыру өңерлік орталығымен 2017 жылдың 17-19 мамыр аралығында Мағжан Жұмабаев ауданында «Мемлекеттік қызметтер сапасын басқару» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін көшпелі оқыту өткізілді.

Оқу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын реттейтін заңнаманың сақталуы туралы мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Ә.О. Әубәкірова ақпараттандырды, ол заңнаманы және мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін сақтауға ұсынды, алушыларға көрсетілетін қызметті қолжетімді нысанда көрсету тәртібі туралы түсіндірме берді, мемлекеттік қызмет алған кезде азаматтардың құқықтарын бұзбау, сондай-ақ, заңнаманың нормаларымен жүктелген міндеттерін ұстану туралы айтылды.
Оқыту қорытындысы бойынша 36 мемлекеттік қызметші сертификат алды.
