Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әбу Насыр Әл-Фарабидің1150 - жылдығы

Ұлы ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің1150 - жылдығы мерекесіне орай, қаламыздың тұрғыны, жас үміттерінің бірін атап өткіміз келеді.

Алтажанов Арлыбек Исаұлы Жаңаөзен қаласында 16.06.1996 жылы дүниеге келген. Жаңаөзен қаласының №5 гимназия мектебінде оқыды, 2010 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне оқуға түсіп, 2013 жылы осы мектептің түлегі атанды. 2013-2015 жылдар аралығында АҚШ-ғы Колорадо штатындағы (Red Rocks Community Colledge) білім алды. 2016-2018 (Colorado School of Mines) университетіне ауысып, мұнай және газ мамандығы бойынша білім алып, «Terra Laboratories» компаниясында осы саланың білікті маманы ретінде 1 жыл лабораторияда жұмыс жасады. 2019 жылы өз еліне оралып «Тау кен ісі» мамандығы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев Университетіне» магистратураға түсіп қазіргі уақытта білім алуда. Колледж және Университет студенті ретінде белсенділік танытып, Қазақ Студенттерінің Ассоциациясын құру жұмыстарына араласып, волонтер болып көптеген игі істерді басқа студенттермен бірлікте жасады. Оқу орындарына түсу барысында, студент кезінде кішігірім гранттарды ұтқан.

Осы тақырып бойынша

Әбу Насыр Әл-Фарабидің1150 - жылдығы - Yvision.kz