Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Брифинг тақырыбы: "Қостанай облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметі...

Брифинг тақырыбы: "Қостанай облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметі және стационарлық медициналық - әлеуметтік мекемелердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы»

Қостанай облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі және стационарлық медициналық - әлеуметтік мекемелердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы - өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А. Е. Мекебаева және Департаменттің бөлім басшысы А. Р. Дощанова айтып берді.

Бүгінде облыста стационарлық үлгідегі 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 оңалту орталығы, 5 күндізгі болу бөлімшесі, 18 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, 3 өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы, 2 аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 15 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Аталған ұйымдар мен мекемелермен 7870 адам қамтылды.

Департамент стационарлық үлгідегі барлық 11 медициналық-әлеуметтік мекемені тексерді. 54-ке жуық бұзушылық анықталды, олар бүгінгі күні жойылды немесе жою сатысында. 12 нұсқама берілді, 3 әкімшілік айыппұл салынды, 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі күні короновирустық инфекциямен ауырған медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызмет алушылары арасында - 14 адам, сауығып кеткендер-7, қайтыс болғандар-4 адам. Барлық 4 қарт адам. Медициналық-әлеуметтік мекемелер дәрі-дәрмектердің қажетті көлемімен қамтамасыз етілген. МӘМ қызмет алушыларды емдеу амбулаториялық жағдайда және инфекциялық стационарларда короновирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі.

-----------------------------------------------------------------

О деятельности организаций, оказывающих специальные социальные услуги в Костанайской области и санитарно- эпидемиологической обстановке в стационарных медико-социальных учреждениях» - об этом на брифинге в Региональной службы коммуникаций рассказали заместитель руководителя Управления координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области Мекебаева А.Е. и руководитель отдела Департамента Дощанова А.Р.

Сегодня в области функционируют 11 медико-социальных учреждений стационарного типа, 2 реабилитационных центра, 5 отделений дневного пребывания, 18 отделений социальной помощи на дому, 3 Центра ресоциализации лиц, находящихся в трудной жизненной ситуации, 2 территориальных центра социального обслуживания населения и 15 неправительственных организаций, предоставляющих специальные социальные услуги. Данными организациями и учреждениями охвачено 7870 человек.

Департаментом проверены все 11 медико-социальных учреждений стационарного типа. Выявлено было порядка 54 нарушений, которые на сегодняшний день или устранены или на стадии устранения. Выдано 12 предписаний, наложено 3 административных штрафа, 13 должностных лиц были привлечены к дисциплинарной ответственности.

На сегодняшний день среди получателей услуг медико-социальных учреждений заболевших короновирусной инфекцией -14 человек, выздоровевших -7, умерших - 4 человека. Все 4 человека преклонного возраста. Медико-социальные учреждения обеспечены необходимым объемом лекарственных препаратов. Лечение получателей услуг МСУ проводится согласно клинического протокола диагностики и лечения короновирусной инфекции в амбулаторных условиях и инфекционных стационарах.

0
0
241

Осы тақырып бойынша

Брифинг тақырыбы: "Қостанай облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметі... - Yvision.kz