Брифинг. Үгіт-насихат науқанының аяқталуы туралы
08.01.2021ж. Брифинг.Үгіт-насихат науқанының аяқталуы туралы.
Бүгін Шыңғырлау аудандық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылау мақсатында брифинг өтті. Брифингте сөз алған сайлауалды штаб төрайымы Светлана Байтенова: Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Біздің «Nur Otan» партиясы аудандық филиал толық дайын болды. Барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалды.
"Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық сайлауалды Штаб құрылды. Штаб құрамына 15 адам кірді. Бұл біздің аудан тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 2 кандидат. Штабтың 7 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие. Бүгінгі күнге дейін ауылдық округтерге барып, кандидаттар сайлаушыларымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясы аясында аудан тұрғындарымен жүздесіп, «Кандидатқа сауал жолда» атты тақырыппен әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығып, үй-жайларды аралады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, Жаңабек Жаңабайұлы Жақсығалиев және Сәбира Өмірғалиқызы Сүндетова ауданымызға келіп, сайлаушылармен кездесті. Канвассинг кездесуге арнайы келген облыстық мәслихатқа үміткер ауыл-аудандағы тұрғындармен үй-жайларында кездесу өткізіп, тікелей эфир арқылы тұрғындармен тілдесіп, жұртшылықтың айтқан аманаттарына құлақ түрді. Осындай сайлау аясындағы нақты іс-шараларды аудандық маслихатқа үміткерлер де жүргізіп, аудан орталығындағы нысандар мен жеке тұрғын үйлерді аралаған канвассинг және экспромт-кездесулер өткізді.
Аудандық «Серпін» газетінде кандидаттардың халықпен жүргізілген жұмысы баяндалған 9 мақала және «Жайық Пресс» сайтында 15 мақала жарық көрді.
Бір айға жуық уақыт ішінде жасалған жұмыстар ауқымды, барлық кандидаттар айтулы науқанға жоғары деңгейде әзірлікпен келді. Жалпы, аудан жұртшылығының сайлау туралы түсініктері мол және баршасы да елімізге тұрақтылық пен жасампаздықты алып келіп отырған, бейбіт өмір мен жарқын келешекті қамтамасыз ететін жетекші партияға деген көзқарастары нық. Барлық жасалған шаралар өз жемісін беріп, 10 қаңтар күнгі сайлауда нақты істер партиясы «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын.
Nur Otan-ға Дауыс бер!
Голосуй за Nur Otan!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
