Брефинг өтті
Бүгін "Nur Otan" партиясының ғимаратында Жаңақала аудандық штабының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуы туралы брифинг өтті. Отырысқа штаб мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Штаб төрағасы Рухолла Аманғалиұлы бір ай бойы атқарылған әр форматтағы насихат жұмыстарына, ұйымдастырылған шараларға тоқталып, бірлесіп атқарған істерді қорытындылады. Сайлауалды үгіт жұмыстарына қатысқан барша белсенді жастарға партия атынан рахметін айтып, ризашылығын жеткізді. 10-қаңтарда сайлауда белсенді болуға шақырды.
