Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БПҰ мүшелері "ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ" жайлы өзара үгіт-насихат жұмыстары

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Nur Otan» партиясы БПҰ мүшелері Төлеби ауданы Зертас ауылдық округі, Зертас ауылдық мәдениет үйінде жиналыс өткізді. БПҰ ұйымдастыруымен бастауыш партия мүшелері өзара «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен талқылады.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Бектұрғанов, М.Ермаханбетова, Д.Қуашбай жиын барысында "ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ" жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Төлеби ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫҢ басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарта түсуге жағдай жасау. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз.

Сонымен қатар жиынға қатысушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді. Сайлауда жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші болғандықтан жиналғандар халықтың әлсіз тобына қолдау көрсету, тұрмыс сапасып арттыруға күш салуды кандидаттар мен бастауыш партия ұйымы мүшелерінің назарына салды.

2
0
324

Осы тақырып бойынша

БПҰ мүшелері "ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ" жайлы өзара үгіт-насихат жұмыстары - Yvision.kz