Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бота қоғамдық қоры

Мен Тұрбала  Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық селосынан боламын.Қазір Алматы Технологиялық Университетінің 1курс студентімін,мамандығым Стандарттау, Метрология және Сертификаттау, ”Бота” қоғамдық қорында грантта окимын. Мен осы "Бота" қорында грантта оқығаныма қуаныштымын және де мақтан тұтамын. Бота туралы мен озімнің "алтын ұя мектебімнен" білдім. Осы қорға тапсыр деп айтқан мектеп директоры Даурбаев Келдімұрат ағай айтқан болатын. Ағайыма мыңда бір алғысымды айтамын!

Жалпы, "Бота" қоғамдық қоры туралы айтатын болсақ, ол- бір жағы жоқ, жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға  көмектеседі. Бұл қордың жұмыс жасап жатқанына екі жыл болып қалды,әйткенмен көптеген жетістікке жетіп,мен сияқты жас қыздар мен жігіттердің оқуына мүмкіндік жасап жатыр.

"Бота" қорына грантқа түсу үшін үш турдан өту керек.

1тур: саған 5-6сұрақ береді және де сен ол сұраққа 100сөзден кем болмайтындай етіп жазуың  керек. Бұл сұрақтарға сен нақты,мұқият жауабыңды жазасың,егерде қателік кететін болса,турдан өткізбейді.

2тур: ол-тілдесу деп аталады. Бұл турда "Бота" қоғамдық қорының апайлары саған өз өмірің,отбасың,отбасыңның жағдайы туралы және болашақта қандай жоспарларың бар екенін сурайды.

3тур: ол сенің отбасыңның жағдайын,үйіңді көру үшін,яғни  тексеріс жасап уйіңе келеді.   

Әрине, бұл турлар оңай емес,әйткенмен егерде "Бота" қорына грантқа түсіп кетсең арманыңның орындалатынына нық сенуіңе болады. Себебі, бота қоры саған оқу үшін барлық мүмкіндіктеріңді жасап береді. "Бота" қорының  ең маңызды шарттарының  бірі ол тек жақсы оқу,егерде сабақтарыңнан 2 немесе 3 деген бағалар түсетін болса сені гранттан айырады. Әрине бұл дұрыс!!! Қазіргі заманда тек қана білімді,білгір жастар қажет деп ойлаймын!

Бота қоғамдық қорына және қорда жұмыс жасайтын апайларға,Ғалия апайыма үлкен алғысымды білдіремін!

0
7
1853

Осы тақырып бойынша

Бота қоғамдық қоры - Yvision.kz