«БОТАҚАН» БПҰ мүшелерімен кездестік.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалы ұйымдастырумен ZOOM платформасы арқылы «БОТАҚАН» БПҰ мүшелерімен кездестік. Онлайн кездесуге маслихат депутаттығына кандидаттар Қ. Сәрсенбай, Г. Бекенова, Ф. Мерхамитқызы және мен Р. Нұрлыбаев қатысып, Алматы қаласы бойынша «NurOtan» партиясының 2025 жылға дейін «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.
