Бос орындардың жәрмеңкесі өткізілді
2018 жылдың 19 қазан күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының фойесінде облыстық мекемелердегі бос орындардың жәрмеңкесі өткізілді.
Бұл шара жұмыссыз жастарға, оқу орындарын бітірген жас түлектерге және жұмыс берушілердің адр таңдауларына үлкен мүмкіндік береді.
Аталаған жәрмеңкеге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі қатысты. Жәрмеңке барысында облыстың мемлекеттік әкімшілік органдарының бос лауазым орындары аталып, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі кеңінен түсіндірілді.
