Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бос лауазымдар жәрменкесі – мемлекеттік қызметке жұмысқа қатыстыру тиімді әдісі

А.ж. 26 шілде күні Петропавл қ. тұрағындарына қалалық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі»  ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің СҚО бойынша департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметке түсу, тест  тапсыру және бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналысу тәртібі туралы  түсініктеме берілді.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысына онтүстік өңірінен «Серпін» бағдарламасымен келген колледж түлегі Гүлнар Есбатырова аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдарда бос лауазымдары туралы сұрады. Техникалық білімі бар жас маманға жұмыс тәжірибесіз ауылдық округтің жетекші маманы лауазымына мемлекеттік қызметке түсу және мансаптық өсуін жоспарлау мүмкіндігі туралы кеңес берілді.

Сонымен қатар, жәрменке қатысушыларына облыстық мемлекеттік органдардағы бос орындар, әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу тестілеуінің бағдарламасы және Департаменттің байланыс мәліметтері көрсетілген брошюралар таратылды.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы И.Е. Баженова «МТРА», «Қазақстан-Петропавл» телеарналарына сұхбат берді.

Және де бос орындар жәрменкесіне 20-ға жуық мемлекеттік және жеке ұйымдар қатысты.

Департаментпен тұрақты түрде мемлекеттік қызметті насихаттау жұмысы жүргізіледі, оның ішінде бос жұмыс орындары жәрменкелеріне қатысу, ақпараттық түсіндіру және имидждік шаралар өткізуі.

 
0
0
541

Осы тақырып бойынша

Бос лауазымдар жәрменкесі – мемлекеттік қызметке жұмысқа қатыстыру тиімді әдісі - Yvision.kz