Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бос лауазымдар жәрменкесі – мемлекеттік қызметке тартудың тиімді әдісі

27 қыркүйек күні Петропавл қ. тұрағындарына қалалық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі»  ұйымдастырылды. 120-дан аса әр түрлі жастағы және әр түрлі мамандығы бар ізденушілер аталған іс-шараға қатысты.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы И.Баженовамен мемлекеттік қызметке түсу, тест  тапсыру және бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналысу тәртібі туралы  түсініктеме берілді.

Мемлекеттік қызметке түскісі келетіндердің арасында А.В.Емельянова болды, ол жақында Ресей Федерациясынан келіп Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Анна Владимировнаның айтуынша, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу ол үшін абыройлы болып, болашаққа сеніммен қарай алатынын белгіледі. Департаменттің қызметкерімен барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар қайтарылды.

Сонымен қатар, жәрменке қатысушыларына облыстық мемлекеттік органдардағы бос орындар, әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу тестілеуінің бағдарламасы және Департаменттің байланыс мәліметтері көрсетілген брошюралар таратылды.

Және де бос орындар жәрменкесіне 15-ке жуық мемлекеттік және жеке ұйымдар қатысты.

Департаментпен тұрақты түрде мемлекеттік қызметті насихаттау жұмысы жүргізіледі, оның ішінде бос жұмыс орындары жәрменкелеріне қатысу, ақпараттық түсіндіру және имидждік шаралар өткізуі.

 
0
0
475

Осы тақырып бойынша

Бос лауазымдар жәрменкесі – мемлекеттік қызметке тартудың тиімді әдісі - Yvision.kz