Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Борсы және Жақсыбай ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауы өткізілуде

Борсы мен Жақсыбай ауылдарында әкім сайлауы өтуде Бүгін, яғни 22 мамырда Жәнібек ауданының Борсы және Жақсыбай ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауы өткізілуде. Әкімдерді сайлау бойынша №150, 151, 152 учаскелер сағат 07.00-ден бастап жұмыс жасауда. Борсы ауылдық округі бойынша ауыл әкімі лауазымына үш, Жақсыбай ауылдық округі бойынша екі үміткер тіркеліп, сайлауға қатысуда. Сағат 14.00-дегі мәліметке сай, Жақсыбай ауылы бойынша сайлаушылардың 59 пайызы, Борсы ауылы бойынша сайлаушылардың 71 пайызы учаскелерге келіп өз дауыстарын берді. Сайлау барысын байқау үшін саяси партияның, қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары және кандидаттардың сенім білдірген өкілдері қатысуда. Сайлау кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады

0
0
197

Осы тақырып бойынша