Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Борсы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 мамырда өткен Борсы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ Борсы ауылдық округі әкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатынасты. Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 386 сайлаушының 93,5 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Аманғалиева Ақбөбек Сұлтанғалиқызына 10 (он), Бақтығалиев Зинхар Махметденұлына 317 (үш жүз он жеті), Ғазезов Ұшқын Қайратұлына 21 (жиырма бір) дауыс берілді. Дауыс беру нәтижесінде Бақтығалиев Зинхар Махметденұлы Борсы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Бақтығалиев Зинхар Махметденұлы, 27.06.1989 жылы туылған, ұлты қазақ, Борсы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарған, «AMANAT» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Борсы ауылының тұрғыны.

0
0
198

Осы тақырып бойынша

Борсы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы - Yvision.kz