«Борсы», «Ақоба» бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналысы офлайн форматында өтті.
21 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының «Борсы», «Ақоба» бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналысы офлайн форматында өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;
2. Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау. Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев алдағы бес жылда атқарылатын міндеттерді іске асыру нәтижесінде аудан экономикасы одан әрі нығайып, бірқатар өзекті мәселелер оң шешілетін болатының айтты.


