Боран ауылындағы кездесу.
Боран ауылындағы кездесу.
Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 22 желтоқсан күні Боран ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Э.Кошкинчинов кездесу өткізді. Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Кездесу соңында ауыл тұрғындары: Боран ауылына жаңадан пошта салынып, халық банкінің банкоматы орнатылса, ауылға интернет желісімен қамтамасыз етілсе және Оң-Жақ Қалжыр ауылына көпір жөнделіп, фельшерлік пункт салынса деген өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.
