Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болат Исақов Шыңғырлау ауданында мемлекеттен қызметтер көрсететін мекемелердің жұмысымен танысты

2017 жылдың 17 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары Б.Н.Есен жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды.

Департамент басшысы сапары кезінде Шыңғырлау ауылдық округінің аппаратында болып, халыққа мемлекеттен қызметтер көрсетілу жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, халыққа көптеген қызметттер көрсететін аудандық кірістер басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету Орталығының жұмысын инспекциялады.

Жұмыс сапары шеңберінде Департамент басшысы аудан активімен өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бағытында атқарылған жұмыстар бойынша кеңестің отырысына қатысты.

Б.Исақов өз сөзінде мемлекеттік аппарат пен азаматтардың қарым-қатынасы «тұтынушыға бейімделу», ашықтық және қолжетімділік принциптерінде құрылуға тиіс екендігін атап өтті.

2017 жылдың 9 айында Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 6078 қызмет көрсетілген. Соның ішінде 3679 немесе 60% электронды түрде, 320 немесе 6% ХҚКО арқылы және 2079 немесе 34% қағаз түрінде көрсетілген.

Болат Исақов интернет-ресурстарда мемлекеттен көрсетілетін қызметтер стандарттарының болуын мониторингілеу барысында мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің орналастырылмағандығы анықталды. Бұның өзі мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапалылығына ішкі бақылаудың жоқтығын куәландырылатындығын баса айтты.

Б.Исақов сапары кезінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында аудан тұрғындары үшін азаматтарға қабылдау өткізіп, аудан халқын мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді алу кезінде заңды құқықтары бұзылған жағдайда бей-жайлық танытпауға шақырды.

   
0
0
1046

Осы тақырып бойынша

Болат Исақов Шыңғырлау ауданында мемлекеттен қызметтер көрсететін мекемелердің жұмысымен танысты - Yvision.kz