Болат Исақов мемлекеттік қызмет сапасы бойынша кезекті тексеру жүргізді
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бақылау және сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау мақсатында 28.05.2019 ж. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Б.А. Исаковпен Орал қаласының ХҚКО №1 бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы және Көші-қон қызмет і орталығында кезекті инспекциялау жүргізді.
Ұйымдарға шығу барысында мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға және жалпы қызмет алушыларға жағдайлар жасау бойынша көптеген кемшіліктер анықталды.
Сонымен қатар ХҚКО –да қызметкерлермен жұмыс тәртібін сақтамау, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту негіздері туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру жұмысының ақсаңдау аясында дұрыс кеңес бермеу фактілер орын алған.
Аныталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша Департаментпен қызмет берушілерге тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында ұсыныстар берілді.
