Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болашақ-жастардың қолында.

Арман өзі ашса дедім жолымды,

Аға күліп алса дедім қолымды,

Өмірімнің шырағы еттім әрқашан,

Қазақстан азаматы болуды,-

демекші, өсер елдің баласы арманшыл болады деп тегін айтпаған. Біз бойымыздағы озығымыздан үйреніп, тозығымыздан жирене білетін өркениетті мемлекет, еңселі ел болдық. Ал енді осы мемлекетті ары қарай дамытып, өркендетіп, одан ары гүлденуіне үлес қосушы мына біздер жастармыз.Қазақ елінің дамуы мен өсіп өркендеуі озық ойлы, кемел білімді жастарға тікелей байланысты. Болашағымыздың жарқын болуы үшін келешек ел тізгінін ұстар жастардың бойында қазақы болмыс пен елге, жерге деген патриоттық сезім болу керек.

Осы себептен де, халық «Жастар-елдің болашағы деп» деп, келешектің кілтін жастарға табыстауда. Ал ел сенімін ақтау үшін, жарқын елдің болашағын айқындау үшін жастарға жақсы оқып, парасатты білім алып, салиқалы құштарлықтың, ұлағатты ұстаздар мен алтын ұя мектептен алған білімді ұштап, білім нәрімен өмір жолында сусындап, өмірді жан-жақты тану барысында, зиялы қауым қатарына, жаңа леппен қосылу барысында биік белестерден көрініп, ел болашағын көркейте, өркендете аламыз.

Қазіргі кезде, егемен еліміз бен тәуелсіз мемлекетіміздің жастарына лайықты білім мен тәрбие беріп, оларға барынша әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетіп, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуы үшін жағдайлар жасалынуда. Әрине, бұл елімізге деген құрметті тағы да бір дәлелдей түседі. Мен қазіргі таңда еліміздегі қазақ білімінің қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология және әлем тілдері факультетінің магистрантымын. Ерекше атап өтетін жайт менің сүйікті университетім Қазақ Ұлттық университетінің студенттер мен магистранттар үшін барлық жағдайды жасауы. 4 жыл бакалавриатта оқып, бүгінде осы универдің магистранты екенімді мақтан тұтамын. Университет ректорының бастауымен «қайырымды қоғам» идеясы негізінде бірнеше қайырымдылық жұмыстары жүргізіліп отырады. Қара шаңырақта қонақта болған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Жастар, энергия, ғылыми ой мен озық тәжірибе шоғырланған жоғарғы оқу орны-өзгеріс алдында тұрған бүгінгі Алматының жарқын көрінісі» деп ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар университетіміз Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындары арасында Quacquarelli Symonds (QS) университеттердің әлемдік рейтингісінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 18-ші орын және қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бірінші орын иеленді.

Біздің университетімізде оқимын деген студентке қажетті барлық жағдай жасалған. Сол мүмкіндіктердің ішіндегі айта кететіні шет елдерге шығып оқу мүмкіндігі. Мен болашақта Германия елінде оқып, білім алғым келеді. Ол жақтың студенттері, оқыту методикасы жайлы біліп, білімімді шыңдағым келеді.

Мен елбасының мықты, жастарға өзінің үндеуін толық жеткізе алатын, жастарға серпін бере алатын тұлға ретінде көремін. Елбасының әр сөзінен рух, қайрат, сенім алатындаймын. Ол кісі осы қасиетімен де жастарға үлгі. Өз сөзімді қорытындылай келе, мен Қазақстанның болашағын білімді де ақылды жастар дамытатындығына сенемін.

Жоланова Д.Б. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің магистранты.

Досанова А.М.-ғылыми жетекші.

0
0
630

Осы тақырып бойынша

Болашақ-жастардың қолында. - Yvision.kz