Болашақ - өз қолымызда!
Бірақ, күн тәртібіне қойылған талаптар өзектілігін жойған жоқ. Соның ішінде негізгілерінің бірі, осы уақытқа дейін халық еркімен жиналған митингтерді, биліктің күшпен таратып, қатысушыларды заңсыз қудалау болып отыр.
Қазақстанның Ата заңының 32 бабында, «Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы», деп көрсетілген. Ата заңның қойып отырған басты талабы, бейбіт әрі қарусыз жиналу.
Яғни, демократиялық құқықтарды пайдалану, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейтін болса, мемлекет тарапынан шектеу қоюға ешқандай негіз жоқ.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта талқыланып жатқан, Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы заңда бейбіт әрі қарусыз жиналған жиналыстарға, митингілерге мен демонстрацияларға, шерулерге және тосқауылдарға шектеу қою - Ата заңға қайшы келеді!
