Болашағымды туған қаламмен байланыстырамын
Таныс болыңыздар, Егяна Рустамова — Инновациялық Еуразия Университеті Екібастұз колледжінің 4-курс студенті. Болашақ мамандығы — ағылшын тілінің мұғалімі. Jas Otan жастар қанатының белсендісі, студенттік шаралардың ұйымдастырушысы, ерікті.
— Өз басым, неғұрлым көмек қолын жиі созсаң, соғұрлым адамзат мейірімдірек болады дегенге өте қатты сенемін, — дейді Егяна. — Ерікті болу — хобби емес, жан қалауы. Мен бір орында тұрғанды қаламаймын, әркезде де ізденісте жүргенді жақсы көремін. Көбірек білсем, үйренсем деп талпынып тұрамын. Өзім білім алып жатқан колледждің Студенттер кеңесінің мүшесі болдым. Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасағын басқарып, белсенділермен бірге қаламыздың көркеюіне өз үлесімізді қостық. Менің болашаққа деген жоспарым көп және ол, әлбетте, туған қаламмен байланысты.
