Болашақта Мақсат Ілиясұлынан не күтетін боламыз?
Екі жылдан кейін, БАҚтарда Мақсат (Нұрыпбаев) Ілиясұлының “Мен халықтан кешірім сұраймын. Дубль-2” атты мақаласын күтетін боламыз. Не себепті?
Себебі біреу: Мақсат Ілиясұлы бастаған істің жақсы аяқталғанын, яғни сәтті соңын әлі бірде біреуіміз көрген емеспіз.
Сонау 2013 жылы өткен құрылтайдан бастайықшы.
1) 2013-жылдың 23-қарашасында Алматы қаласында Мақсат Ілиясұлы бастамасымен Халық өкілдерінің бірінші Құрылтайы өткізілді. Сол жиында қазақ ұлттының мүддесін қорғау бағытында жұмыс істеуді, ұлтшыл күштердің басын біріктіруге бағытталған Қазақ Ұлттық Кеңесі құрылды.
Оған еліміздің түкпір түкпірінен 400-ге жуық адам қатысып, Ұлттық-демократиялық мемлекет қалыптастырудың тұжырымдамасы бекітілді.
Бірақ содан кейін, араға екі жыл уақыт салып, Мақсат Ілиясұлы «Абай.кз» сайтына «Мен халықтан кешірім сұраймын» деген қомақты мақаласын жариялады. Онда автордың өзінің айтуынша:
«Екі жыл ішінде Қазақ Ұлттық Кеңесі саяси күшке айналмақ түгілі, сүбелі бір іс атқарып, бір мәселенің шешілуіне немесе қомақты жобаның қолға алынуына бастамашы да, қолдаушы да бола алмады»,- деп қоғамдық белсенді ағынан жарылды. Бірақ мақала соңында өзіне өзі қойған “Енді не істемек керек?” деген сұраққа ұлтшыл Мақсат жауап бере алмады.
Яғни елді дүрліктіріп, ұланғайыр атырапқа жар салып, Құрылтай өткізген Мақсат Ілиясұлы, істің нәтижесінде “екі деген баға” алды.
2) “Антигептил” қозғалысы. Бұл арада ұлтшылдар арасында Ахмет Байтұрсыновтың “Аққу, шортан һәм шаян” жайтын анық аңғаруға болады. Бір өзекті мәселе төңірегінде “белсене” жұмыс істеуі қажетті ұлтшылдардың басы неге бірікпейді? Әлде әрбіреуінің аңдығаны өз алдына бөлек дүние ме?!
“Антигептил” қозғалысы барысында Серікжан Мамбеталин (Есенғосұлы) мен Мақсат Ілиясұлының даусы бір арнадан шықпады. Олар ел алдында ұятты жиып қойып, Фейсбук әлемінде бір бірімен итше ырылдасқаны әлі елдің есінде. Соңында “Антигептил” қозғалысының белді мүшесі Болатбек Біляловтың үстінен іс қозғалды да, Мақсат Ілиясұлы сүттен ақ, судан таза болып, ешбір шығынсыз шықты.
3) Жер митингісі. Бұл мәселе жөнінде көптеген адамдардың пікірінше ұлтшыл Мақсат билікпен бірлесе жұмыс істеген. Неге? Себебі митингтің датасы Мақсат Ілиясұлының бастамасымен 21 мамырға дейін шегерілді. Соның нәтижесінде митингіге шыққалы отырған дүйім жұрт райынан қайтты. Ең соңында Мақсат Нұрыпбаев: “Жер комиссиясы” құрылды, мен соңын құрамына кіремін, енді алаңдамасақ та болады”,- деп елдің демін басты. Ал мәселенің ақиқатына келетін болсақ, ел Мақсаттай ұлына сеніп қалып, бастағалы отырған істі аяқсыз қалдырды.
4) Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотталуы. «Жер дауын» бастаған Мақсат Ілиясұлы бқл жерде де ситуациядан сытылып шықты. Еліміздің арлы ұлдары қамалып, бас бостандығынан айрылды да, барлық бүлікті бастаған Мақсаттар жазасыз қалды. Тіпті Талғат пен Макстың сотына да қатыспады. Түрлі себептер айтып, Атырау қаласына биліктің кесірінен бара алмағанын дәлелсіз құр сөзбен айғақтап жүрген Мақсат Ілиясұлы бүгінгі таңға дейін, сол жігітердің бостандық алуына бір саусағын да қимылдатып көрген жоқ. Бәрі жалаң сөзбен айтылып, тек сөз төңірегінде қалып отырғаны баршамызға аян.
5) Шындық экспедициясы. Шындық іздеген адам, сол ақиқатты тапқан таппағанын айтып, дәлелін келтіріп, ел алдында есеп жарияламаушы ма еді? Шын айтқанда, елден ақша жинап, ел аралаған Мақсат, Айдын, Қайырлы мен Раушан қандай нәтижеге қол жеткізді, баспа бетінен сол туралы ең болмаса бір мақала оқыған адам бар ма? Айта кету керек, Шындық экспедициясының мүшелері Астана төрінде халықты жинап есеп бергендей болды. Бірақ сол есеп беру, негізінен, бір
бірімен қырылысу, сұрақ қоймау, сұраққа жауап бермеу сияқты дау дамаймыен аяқталғандығын бірнеше адам өз жазбаларында жазғаны есімізде. Сонда “міне!” деп, белінен басып тұрып, шырылдата шындықты бұл ұлтшалдыра қашан айтпақ? Әлде халық алдында есеп беруді місе тұтпай ма?
6) Алаш жолы қозғалысының тіркелуі. Сөзіміздің басына қайта оралып келелік. Алаш жолы қозғалысы 2017 жылдың 4 қыркүйегінде Әділет министрлігінде ресми тіркелді. Бірақ күні кеше Фейсбук желісінде тікелей эфирге шыққаг Мақұсат Ілиясұлы “Егер біздің қолымыздан дым келмесе, біздің қолдамадыңдар, халық болып бірікпедіңдер!”-деп сіздерге оны да айтамыз деп, енді бастаған ісінің дұрыс бола қоймайтынын, ондай болған жағдайда халыққа айып тағатынын өз аузымен айтып отыр. Сонда Алаш деген алпауыт атты жамылған қозғалыс дым бітіре алмаса, оған халық кінәлі болғаны ма? Онда араға екі жыл салмай-ақ, күні ертең Мақсат Ілиясұлы халықтан екінші мәрте кешірім сұрап қойсың. Себебі, оның қолынан бір іс келетініне баршамыз күмәндіміз.
Айта кететін, тағы бір жайт. Алаш жолы қозғалысына Мақсат Ілиясұлы неге өзі төраға болмады? Астаналық филиалға Раушан Қалмонұлын, алматылық филиалға Ғабиден Жәкейді сайлап қойыпты. Бұл әріптестеріне деген сенім бе, әлде алда-жалда келеңсіз бір жайт орын ала қалса, басын аман сақтап қалудың құйтырқы бір амалы ма? Оның да жауабын бізге заңгер-сымақ Мәке тез арада бере қоятынына сенім аз.
Қазақтың жанды жері – тіл, дін, жер. Бірақ қазақты сол жанды жерінен ұстап тұрып, “жынды” қыла беруге болмайды. Қыруар іс тындырып жүрміз деп бәлденген әр ұлтшыл әр сөзіне дәлелді жауап беріп үйренгені дұрыс.
