Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болашақ авиаторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Азаматтық Авиация Академиясының студенттері және мұғалімдер қауымы «Сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдары» тақырыбында семинар-жиын өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес Төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол!» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіріп өтті. Кездесу барысында семинарға катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, тақырыпқа орай бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ұғымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін жасау, сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтар мен қылмыстардың ауыр зардаптары туралы ескерту түрінде ағартушылық сұхбат жүргізілді.

Семинарға Азаматтық Авиация саласының кәсіби деңгейін көтеру жөнінде өздерінің оң тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін берген Авиация ардагерлері де қатысты. Жиынға келген студенттер қауымы мемлекетіміздің әрі қарай нығая түсуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық көзқарастарын білдірді.

0
0
443

Осы тақырып бойынша