«Болашаққа бағдар: өз біліміміз – туған өлкемізге»
2017 жылдың 16 қараша күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Исақовтың төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және мемлекеттік қызметке кадр дайындауды жетілдіру бағытында «Болашаққа бағдар: өз біліміміз – туған өлкемізге» тақырыбында конференция өткізілді.
Аталған конференцияға БҚО Казталов ауданының әкімі А.Шыныбеков, БҚО соттар әкімшісінің басшысы Н.Кажганов, өлкеміздегі жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференцияны Департамент басшысы Б.Исақов ашып, жоғарғы оқу студенттеріне мемлекеттік қызмет туралы, оның мүмкіндіктері мен келешектері туралы айтты.
Мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік қызметкер кірудің тетіктірін, оларға қандай талаптар қойылғаны жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорллыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО департамент басшысының орынбасары Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин баяндама жасады.Мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсу мүмкіндіктері бойыншаБҚО Казталов ауданының әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков және БҚО соттар әкімшісіндегі кадрларды ілгерлету және іріктеу тәжіребиесі туралыБҚО соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Еркінұлы Кажганов толығырақ түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, «Білімді ұрпақ - нұрлы болашақтың кепілі» тақырыбында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Биржан Марданұлы Хайруллин өз қозғады.
Кездесуге қатысушы жоғары оқу орындарынан Мемлекеттік органдармен жоғары оқу орындарының түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша қарым-қатынастары туралы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Айнур Калимовна Есенгазиеваға және Жоғары оқу орындары түлектерінің күтетін мансаптық перспективалар туралы –– Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің студенті Светлана Амангалиеваға баяндама жасады.
Конференцияға қатысушы студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына нақты жауаптар қайтарылды.
