"Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"
ҰЛЫ ДАЛА ӨНЕРІ
Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығы" Халықтық өнер ұжымдарының есептік мерекелік концертін желі көрермендеріне ұсынады.




Күні бүгінде ауданымызда 10 "Халықтық", 1 "Үлгілі" ұжым жұмыс жасайды. Халықтық "Қарлығаш" би ансамблі, "Гүлдерайым", "Шапағат" әжелер ансамбльдері, "Бигалиевтер", "Қабиевтер" отбасылық ансамбльдері, "Әсемқоңыр", "Назқоңыр" фольклорлық ансамбльдері, Р.Ығылманов атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, Үлгілі "Қыз Жібек" термешілер ансамблі және екі Халықтық театрымыз өнер жолын берік ұстанған,үнемі қоржыны жаңа шығармаларға толы, бабаларымыздың өнер мұрасын өркендетіп,ұлттық өнеріміздің ұлылығын дәріптеп келеді.Ұлттың ерекшелігі,халықтың үні дәстүрлі өнері болғандықтан қазақтың киелі сахнасының мәнін,өміршеңдігін сақтау маңызды.Табиғи таза, рухты оятып,жанға азық сыйлайтын өнер өз құнын жоғалтуға тиісті емес.
📷Ұлттық өнерімізді мәңгі сақтап,рухани қазынамызды байытып,өнерге шынайы,дәстүрге адал болуда бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіруде күш салсақ өнеріміз мәңгілік болмақ.
#Ұлы дала өнері
#Ұлттық өнер ұлылықтың белгісі
#Ұжымдық-есептік концерт
