Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

2017 жылдың 16 қазан күні «Өрле, Қазақстан» жастар ақпараттық-насихат тобы М.Өтемісов атындағы БҚМУ педагогика, филиология, жаратылыстану-георграфия факультетінің 3-4 курс студенттерімен кездесті.

«Өрле, Қазақстан»ақпараттық-насихат тобының құрамында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, Орал қалалық жұмыспен қамту орталығы, Орал қаласының ІІБ, «Дін мәселелері» зерттеу орталығы, «Жас қанат» ЖҚБ, «Жас эколог», «Батыс-Қамқор» ЖҚБ, 6 емхана және «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» БҚОФ өкілдері бар.

Кездесу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «100 нақты қадам» мақалаларының, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен басымдықтары және мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптер берілді.

 
0
0
605

Осы тақырып бойынша

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - Yvision.kz