Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болашаққа айқын бағдар

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы  2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде оқу орындарында кәсіптік бағдарлау ісін жалғастыруда. Кәсіптік бағдарлау  жоғарғы сынып оқушыларына алдын ала мамандық таңдауға септігін тигізеді.

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдарлау бөлімінің маманы Ж.Р. Тұрғынова №22, №79, №94 гимназиялардың және № 128,№65 жалпы білім беру мектебтерінің жоғарғы сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау туралы әңгіме өткізді.650-ден астам оқушылар қатысты.

Жоғарғы сынып оқушылары қаладағы еңбек нарығындағы ахуал жайлы мәліметтермен, халықты жұмыспен қамтудағы,соның ішінде жоғарғы сынып оқушыларының оқудан тыс уақытта уақытша жұмысқа орналасуы бойынша да  саясаттық  белсенді іс-шараларымен танысты. Әңгіме барысында оқушылардан  болашақта қандай мамандық таңдаулары және не себепті осы мамандықты таңдағаны жайлы сауалнамалар алынды.

Жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдауда ескеретін мынадай маңызды кеңестер берілді:

1) өзінің қызығушылын, қабілетінін, бейімділігін зерттеуге;

2) өзінің әлсіз және күшті жақтарын бағалауға;

3) кәсіптік бағдарлау бойынша тестілеуден өтуге;

4) өзінің қабілеті мен бейімділігіне сәйкес келетін мамандықтармен танысып, тұжырым жасауға.

Әңгіме аяқталғаннан соң, оқушылар еңбек нарығындағы жаңа мамандықтар,жұмысқа тұру үрдісі, өз ісін ашу жайлы сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді. Оқушыларға кәсіптік бейімділігін анықтау үшін әртүрлі тестілерден өтуге кеңестер берілді:

Джим Баррет тестін онлайн режимінде www.enbek.kz электронды еңбек биржасында өтуге болады.

Е.А.Климовтің әдісі бойынша тестілеуден  Н.Назарбаев көшесі 50, Жібек Жолы көшесінің қиылысында орналасқан Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығында өтуге болады. Тел.; 341 06 70 (ішкі 1028), 1 қабат, 101 кабинет.

Сондай-ақ, кәсіптік бағдарлау әңгімесінен бөлек, жұмыспен қамту орталығының маманы М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беру мектебі, 11 сынып оқушыларының өтініші бойынша оларға ҰБТ тапсыруға дайындық кезінде психологиялық қолдау көрсетті.

0
0
552

Осы тақырып бойынша