БКО Халықаралық Олимпиада күніне орай велошеру ұйымдастырды

2015 жылдың 23 мамыры күні Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық Олимпиада күніне орай велошеру ұйымдастырды.
Халықаралық Олимпиада комитетінің құрылуына орайластырылған Олимпиада күні мерекесі 1987 жылдан бері әлемнің 200-ден астам елдерінде тұрақты өткізіліп, біздің елімізде де дәстүрлі сипат алып келеді.
Елімізде биылғы Олимпиада күні дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті спорттық держава ретінде танылған Қазақстанның 2022 жылғы ХХІV қысқы Олимпиада ойындарын, ХІІІ қысқы Паралимпиада ойындарын өткізу жөніндегі өтінімін қолдау, Олимпиада қозғалысын қолдау аясында оздырылып отыр.
Олимпиада күнін өткізуде биылғы жылдың ерекшелігі – еліміздің 4 шаһарында – Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларында – бір уақытта қалың бұқараның қатысуымен велошеруінің басталуы.
Шараға Департамент басшысы Ә.Х.Әшірбаев пен бірге қызметкерлер қатынасты. Барлық қызметкерлер «Жемқорлыққа жоқ!, «Нет коррупции!», «call-center 1494» жазулары бар футболкалар киді.

