Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бизнестің жол картасы 2025»

«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Н.Усупахметов қала кәсіпкерлерімен zoom платформасы арқылы кездесуі өтті. Іс-шараның басын ашқан З.Н.Усупахметов «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады. Жалпы бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Біріңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды деп айтылған: 1.Моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау; 2.Экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау; 3.Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; 4.Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар. Осы аталған бағыттар бойынша бизнестің жол картасы 2025 мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі екендігін айтып өтті.

Келесіз сөз кезегін жеке кәсіппен біраз жылдар бойы айналысып келе жатқан Бегимбаев Нұрлан Нұрхатұлы ағамыз былай деп бастады. Бүгінгі таңда мемлекетте шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Осындай тиімді бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы 2025» болып табылады. Егер Сіздің бизнесіңіз Бағдарламаға қатысушыларға арналған экономиканың басымды салаларының тізіміне енсе, Сіз екінші деңгейлі банктерде несие рәсімдеу кезінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепіл беру сияқты мемлекеттік қолдау шарасын пайдалана аласыз. Сыртқы желілерге (кәріз, сумен жабдықтау және т.б.) сыртқы желілеріне мемлекеттік сараптама болған жағдайда, нысанға жетіспей тұрған инфрақұрылымды тарту бойынша мемлекеттік қолдау ала аласыз. Егер инновациялық жоба ұсынсаңыз мемлекеттік гранттар бөлу жобасына қатысуыңызға болады. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы Даму-көмек бағдарламалары жүзеге асырылуда.Осылайша алдымен өзіңізді пысқтап сол бағдарлама аясында жұмыс атқарсаңыз, сонда сізде үлкен мүмкіндіктер пайда болады. Сонымен қатар айта кететін жайта Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың түрлі бағыттар аясында еліміздегі бизнестің жол карталары арқылы өсуімен өрбуінің негізгі тетіктері болып табылады.

0
0
149

Осы тақырып бойынша

«Бизнестің жол картасы 2025» - Yvision.kz